Үкімет басшысы Алматы қаржылық орталығы туралы заң жобасын жасауды тапсырды

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтың пікірінше, жаңа заң жобасына қазіргі қолданыстағы арнаулы экономикалық аймақтар туралы заңның тәртіптері негіз бола алады.

"Бұл заң жобасында орталық іс-қызметін тікелей реттеуге қатысты нақты мәселелер көрініс тауып, орталық аумағындағы құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі",- деді еліміздің бас экономисі. Оның пікірінше, Азаматтық, Салық және Бюджеттік кодекстерге, сондай-ақ, шаруашылық субьектілерінің іс-қызметін реттейтін басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.