Үкімет басшысы Астана басшылығына үлескерлердің мәселесін жеделдете шешуді тапсырды

"Мен Астана қаласының әкіміне үлескерлермен келіссөздер жүргізіп, аталған мәселе бойынша шешім қабылдап, үкіметке ұсыныс енгізуді тапсырамын", -деді Кәрім Мәсімов.

Еске сала кетейік, Астанада үлескерлердің қаржысымен салынып жатқан 200 құрылыс нысанының 20 астамы қаржы тапшылығына байланысты құрылыс жұмыстары жүргізілмей жатқан "тауқыметті" нысандарға жатады.