Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңес жұмысына астана әкімдігінің, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің басшылары, мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.
Премьер-министр жалпы алаңы 43 мың шаршы метр, 3500 орынды көпфункциялы бөлмелі киноконцерт кешенінің құрылысы барысымен танысты және Тәуелсіздік сарайының құрылыс алаңында болды.
Көшпелі кеңеске қатысушылар аталған объектілердің пайдалануға беру мерзімі мен даму инфрақұрылымын, қаржыландыру, құрылысы жайындағы көкейкесті мәселені талқылады.