Үкімет басшысы ауылшаруашылығы министрлігіне "Қазына" ТДҚ қаржысын астық түсімін ұлғайту шараларына аудару мүмкіндігін қарастыруды тапсырды

"Мен қазір министрге осындай тапсырма бердім. Бұл мемлекет басшысының жалпы ауылшаруашылығы саласына берген тапсырмасы. Мүмкін біз кейін осы мәселе бойынша үкіметтің арнаулы отырысын өткізетін шығармыз", - деді Кәрім Мәсімов.

Оның түсіндіруінше, ауылшаруашылығы министрлігінің басшылығы "астық түсімін ұлғайтуға қалай жағдай жасай аламыз, ол үшін біз қандай технологияларды қолдануға тиіспіз, минералды тыңайтқыштарды пайдалану тұрғысында не істеу керектігі жөніндегі" мәселелерді қарауы қажет".

"Жалпы алғанда ауылшаруашылығы саласындағы серпінді жобаларға "Қазына" қорынан бөлуге жоспарлаған қаржыны, мүмкін, шығымдылықты ұлғайтуға шоғырландыру қажет шығар", - деді премьер.

"Осы мәселе бойынша маусым айында үкіметтің арнаулы отырысын өткізетін шығармыз, дайындалыңыздар", -деді Кәрім Мәсімов.