Үкімет басшысы білім және ғылым министрлігі мен ҚР ақпараттандыру агенттігіне 1-қыркүйекте еліміздің барлық мектептерінде интерактивті ашық сабақ өткізуге дайындалуды тапсырды

"Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мен ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігіне біз Қазақстанның барлық мектептерінде үстіміздегі жылдың 1-қыркүйегінде бір уақытта Астанадан спутниктік және жер үсті байланыстарды қоса отырып, электронды байланыс құралдары арқылы интерактивті ашық сабақ өткізуге дайындалуды тапсырамын",- деді Кәрім Мәсімов.

Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтің сөздеріне сүйенсек, қазіргі уақытта еліміздегі мектептердің 90 пайызы Интернетке қосылған. Бірақ, оның айтуынша, олардың жартысынан астамында байланыс сапасыз.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті