Үкімет басшысы бір топ депутатты қабылдап, аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелерін талқылады

Кездесу барысында заң шығару және келер жылдың бюджеті мәселелері талқыланды.

Оңтүстік Қазақстанда балалардың ВИЧ індетін жұқтыру проблемасы жеке сөз болды. Оған қоса аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелері, атап айтқанда селолық елді мекендерді ауыз сумен қамту, мектеп және балабақша құрылыстарын салу, әлеуметтік-атаулы көмектер көрсету және ауыл шаруашылығын дамыту сияқты мәселелер талқыланды.

Депутаттардың ұсыныстарын тыңдаған үкімет басшысы көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығын атап көрсетті және оларды шешу жөніндегі шараларды әзірлеу үшін жан-жақты жұмыстар жүргізетінін жеткізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті