Үкімет басшысы Даниал Ахметов темір жол транспорты саласын қайта құру бағдарламасын жүзеге асыру барысына қанағаттанады

Кеңесті ашқан үкімет басшысы, қатысушылар назарына көлік секторын реформалау мәселесі үкіметте ай сайын қаралатынына аударып, атқарылған жұмыстың сапасына қанағаттанғандық білдірді. Сонымен бірге Даниал Ахметов бағдарламаны іске асыру жөніндегі барлық іс-шаралар жоспары белгіленген мерзімде орындалу керектігін ескертіп өтті.

Қазіргі уақытты бұл кесте алға жылжуда. Атап айтқанда, тендер өткізу жолымен мемлекеттік пакет акциясын жекеменшікке сату жүргізілуде, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның технологиялық емес байланысы ұсынуы арқылы "Транстелеком" АҚ меншігіне жабдықтарды өткізу, депо жөндеуді беру, жуу комбинаттарын сату, подъезд жолдары мен вагон-мейрамханада жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі құқық беру жұмыстары атқарылуда.
Саланың заңнамалық базасы жетілдірілуде, атап айтқанда, биылғы жылғы 9 шілдеде еліміз Президенті "Қазақстан Республикасының темір жол көлігі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. "Теміржол көлігі туралы" заңды және нормативтік құқықтық ведомстволық актілерді әзірлеу жоспарын, темір жол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасын іске асыру мақсатында бірқатар Үкімет қаулысын және Көлік және коммуникациялар министрлігінің бұйрығын әзірлеу мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жекелеген пункттері бірқатар позиция бойынша, конкурстар өткізу аясында анықтау рәсімдерін жүргізу қажеттілігіне байланысты қосымша уақыт пен ресурсты қажет етеді. Осыған байланысты қайта құрылымдау жөніндегі бірқатар іс-шаралар ағымдағы жылғы 3-ші және 4-ші тоқсанға ауыстырылды.
Кеңесті қорытындылай келе, Даниал Ахметов мүдделі министрліктер мен ведомстволарға қысқа мерзімде темір жол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасы жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді аяқтауды және оны тамызда қарауға ұсынуды тапсырды.