Үкімет басшысы энергетикалық ресурстарды ішкі және сыртқы нарыққа шығаруға түрлі салық салуды ұсынады

"Мен жалпы алғанда шикізатты ішкі нарық пен сыртқы нарыққа шығаруға салынатын салық өзара айырмашылықта болуға тиіс деген ұстанымды қолдаймын", - деді Кәрім Мәсімов.

"Бірінші кезекте бұны мен ішкі нарықтағы инфляциялық қысымды төмендету үшін ел ішіне мұнай, мұнай өнімдері мен көмір шығару жайлы айтып отырмын. Оны қалай жүзеге асыру керектігі жайлы біз әлі де талқылайтын боламыз. Жалпы алғанда ұстаным осындай",- деді Кәрім Мәсімов.

Сонымен бірге ол ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі "монополиялық жоғары кіріс болмауы үшін, шикізат сатушыларға салық салуды жіті қадағалауға тиіс" деген пікірде.