Үкімет басшысы екінші деңгейлі банктер үшін сырттан несие алу "критерийлерін нақты айқындау қажет" деп пайымдайды



"Шетелдерден несие алудың тиімді критерийлерін тұжырымдамалық тұрғыда анықтау қажет",- деп мәлімдеді Д.Ахметов. Банк саласы алған несиелер көлемінің жалпы еліміздің сыртқы берешегі аясында 48 процентті құрауынан "ешбір тауқыметті көріп тұрған жоқпын", деді үкімет басшысы.

"Тұтастай алғанда банк саласында ол 80 және 90 процентке жете алады. Бірақ дәл біздің экономикамызға, еліміздегі нақты ахуалға қатысты критерийлерді дәйекті айқындап алуға тиіспіз",- деді Д.Ахметов. "Біз не банк саласына нақты шегін көрсетіп, нақты жауап беруге, не болмаса, басқаша дабыл беруге тиіспіз",- деді үкімет басшысы.