Үкімет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамыту жұмыстарын күшейту қажет деп санайды

"Бұқаралық спортты дамыту мәселесі күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселеге айналуға тиіс",- деді үкімет басшысы туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде. "Егер ұлттың денсаулығы мықты болмаған жағдайда біз ешқашан бәсекеге қабілетті мемлекет құра алмаймыз",- деді ол.

"Ол үшін өңірлерде әрбір бозбала өзіне ұнайтын спортпен шұғылдана алатындай жағдай туғызып, спорттық ғимараттарды мейлінше көп салу керек",- деді К.Мәсімов. "Бірақ бұл мәселелердің бәрін де бюджеттің есебінен шешу күрделі іс болмақ. Сол себепті проблеманы шешуге жеке бизнесті, меценаттарды көптеп тарту керек. Осы бағытта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту қажет",- деді үкімет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті