Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
1904 жылы қаңтарда алғаш рет Орынбор-Қазалы бағытында жолаушы және жүк тасымалдау тұрақты қолға алынған еді. Ардагерлердің пікірінше, осынау айтулы күнді Қазақстанның темір жол көлігі саласының құрылған кезеңі ретінде атап өтуге толықтай негіз бар.
Қазақстанның темір жол саласында әр жылдары басшылық атқарған, яғни кезінде үлкен ұжымның ең ірі құрылымдарын басқарған теміржолшылар еліміздің темір жол саласы қазір пәрменді дамып келе жатқанын атап өтті.
Қазір бұл сала Қазақстан экономикасындағы өзінің маңызын сақтап келеді. Қазақстан темір жолының жалпы ұзындығы 13 мың шақырымды құрайды. Кездесу барысында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы өз қызметін қайта құруды жалғастыра отырып, сала ардагерлері негізін қалаған дәстүрлерді сақтап отырғаны атап өтілді.