Қорғаныс министрлігінің өкілдері үкімет басшысына еліміздегі әскери-саяси жағдайға жасалған талдаумен таныстырды. Сондай-ақ Қарулы Күштерді, өзге әскерді дамыту мен қалыптастырудың 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы үкіметтің қарауына ұсынылды.
Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты - жоғары технологиялық байланыс құралдарымен, соның ішінде спутниктік навигациялық жүйелермен жарақтандырылған, жинақы, бірақ ұтқыр әрі жауынгерлік қабілеті жоғары армия құру болып табылатыны аталып өтілді.