Үкімет басшысы еліміздің индустрия және сауда министрлігі мен ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне 1-маусымнан бастап ұялы байланысқа 10 секундтық тариф белгілеуді тапсырды

Кеңеске қатысқан ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, қазір 1 мин. 10 сек. созылған әңгіме үшін абонент 2 минут сияқты баға төлейді. Оның айтуынша, 2005-жылы ұялы байланыс операторлары іс жүзінде көрсетілген қызметтен 1,5 есе артық абоненттік төлем жинаған.