"Кешеден бері маған түрлі БАҚ-тардан сіз бен олардың арасындағы қарым-қатынасқа қатысты сұрақтар түсіп жатыр. Мен осы мәселенің басын ашып, оған өз бағамды бермекшімін",- деді К.Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында.
"Мен сіздерге екі күннің ішінде менің атына қызмет бабындағы хат дайындап, қазір маған қойылып отырған барлық сұрақтарға қатысты түсініктеме беруді тапсырамын",- деді үкімет басшысы Е.Ертісбаевқа қаратып айтқан сөзінде.
Еске сала кетейік, 7-наурызда Астанадағы "Эра-ТВ" телеарнасының журналисі Юлия Исакова мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың үстінен Астана қаласының Алматы аудандық сотына ар-ұждан мен беделді қорғау жөнінде шағымданды. Шағымданушылардың мәлімдеуінше, "Эра-ТВ" телеарнасының журналисі мен басшылығы жауапкерден моральдық шығын үшін 1 теңге өндіріп беруді талап етеді. Осылайша сотқа арыздануға министрдің аталмыш журналиске президенттің жолдауын жүзеге асыруға арналған республикалық кеңес кезінде сұхбат беруден бас тартуы себеп болған. Журналисті сұхбат беріп жатқан жерден қуып шыққан мәдениет және ақпарат министрі "Эра" телеарнасы өзінің үстінен шағымданып, оған тендерді заңсыз өткізді-міс деп айып таққанын алға тартқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті