Үкімет басшысы Есіл өзені арқылы өтетін көпір мен магистральды автожолдың құрылысымен танысты

Үкімет басшысы бас мердігер - «Джейлан Лимитед» ЖШС келісілген мерзімде құрылысты аяқтай алмайды деген тоқтамға келді. Аталған құрылысты шілденің басында іске қосу жоспарланған болатын. Бұл нысандар астананың көлік инфрақұрылымындағы мәселелердің біразын шешуі тиіс болатын.

Даниал Ахметов бірінші кезекте құрылыстың сапасына мән беру қажеттігіне назар аударды. «Нысанды алдымен қабылдап алып, артынан оны бірнеше ай бойы қайтадан жөндеуге жол берілмеуі керек», - деді үкімет басшысы. Сондай-ақ Даниал Ахметов құрылысты бақылаушы органдардың басшылары кемшіліктер үшін тікелей жауап беретінін атап көрсетті.