Кездесу барысында ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің кеден қызметінде әріптестік қатынастарды дамытуға және тереңдетуге, сондай-ақ осы ұйым аясындағы олардың жұмысын жандандыруға қатысты мәселелер талқыланды.
Даниал Ахметов кеңеске қатысушыларды Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен таныстырып, еліміздің басшылығы мемлекетімізде экономиканы әртараптандыру процесіне ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Өз кезегінде, Григорий Рапота кедендік қызмет басшылары кеңесінің жемісті өткеніне тоқталып, қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ бұрынғы кеңестік кеңістікте анағұрлым серпінді дамып келе жатқан аймақтық ықпалдастық ұйымдарының бірі болып отырғанын жеткізді.
Премьер-министр ЕурАзЭҚ мүше-елдерінің кеден қызметтері арасындағы қатынастардың дамуына қанағаттанатынын білдіріп, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың серпінді қызмет етуі үшін күш біріктірудің маңыздылығына тоқталып өтті.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті