Үкімет басшысы Франция Республикасы сенатының төрағасы Кристиан Понселемен кездесті

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты мәселелерді талқылады, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту келешегіне және өңірлік қауіпсіздікті ұйымдастыруға қатысты пікірлер алмасты.

Кристиан Понселе атап өткендей, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі мәселесіне де белсенді жақтас болып табылады.

Премьер-министр француздық компаниялардың биотехнология, ақпараттық технология және коммуникация саласындағы жобаларды іске асыруға қатысуына қызығушылық білдірді. «Қазақстан үкіметінің басты міндеті өнеркәсіптік өндірісті диверсификациялауға негізделген, қосалқы құны жоғары өнімдер шығаратын және Еуропа рыногына бәсекелес бола алатын тұрақты экономиканы құру», деп атап көрсетті Д.Ахметов.