Үкімет басшысы Израильдің инфрақұрылым және құрылыс министрі Хуан бен Елезерді қабылдады

Кездесу барысында израилдік инвестицияның Қазақстандағы ұялы байланыс және Интернет рыногының аясын кеңейту мен дамытуға атсалысу мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар мәселе талқыланды.

Қонақтардың ұсынысын тыңдай келе, үкімет басшысы біздің республика аумағында бірлескен қазақстан-израиль жобаларын іске асыру мүмкіндігін қолдай отырып, "Қазақтелеком" АҚ мен басқа да бірқатар мемлекеттік органдарға ынтымақтастықтың нақты бағытын пысықтап, оны үкімет қарауына ұсынуды тапсырды.