Үкімет басшысы Kаспий қайраңын игеруге қатысушы итальяндық "ЭНИ" компаниясының өкілдерін қабылдады

Кездесу барысында тараптар мұнайгаз саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасын талқылап, Қашаған және Қарашығанақ кеніштерін игеру және зерттеуге байланысты негізгі бірқатар мәселе бойынша пікір алмасты. Даниал Ахметов қонақтар назарын компаниялардың басымдық берілген міндеттері арасына мұнай өңдеу мен барлау ғана емес, сонымен бірге оны одан әрі өңдеуші нысандарды бірлесе салу мақсаты да қамтылуы керектігіне аударды.