"Ол бірқатар алаяқтық әрекеттер жасап, құрылыс компанияларының басшыларын Алматы әкімшілігінің қызметкерлері-міс әлдебіреулерге пара беруге итермелеген",- деді Қайрат Қожамжаров. Сонымен қатар, кеңсе қызметкері "басқа да тұлғалармен ымыраласа отырып, арнайы сыйақы үшін құрылыс компанияларының жер телімдерін алуларына көмек көрсеткен".
Қайрат Қожамжаров аталмыш тұлғалардың 75 мың АҚШ долларын алғандығын атап өтті.
Қазіргі уақытта, оның айтуынша, қылмыстық іс аяқталған, айыпталушылардың барлығы қамауға алынып, іс сотқа жіберілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті