«Су тасқыны салдарынан шамамен 100 үйді су басты. Қаза тапқандар бар. Үкімет атынан қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтқым келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің бүгінгі шешімімен аталған оқиғаның себептерін зерделеу, сонымен бірге жан-жақты көмек көрсету үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Б.Божко басшылық жасайтын ведомствоаралық комиссия құрылады», - деді С.Ахметов.