"Менің білуімше, қазір банктер ауылшаруашылығы компанияларына несие беруге тым құлық білдіре қоймайды, бірақ біз биылғы ауылшаруашылығы жұмыстарының кешеуілдеп қалуына жол беруге тиіс емеспіз", - деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.
"Ахметжан Смагұлұлы, мен сізге "ҚазАгро", "Қазына", ҚР ЭМРМ, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, және қаржы министрліктерімен бірлесе отырып, бюджетті нақтыламай-ақ, бар қаржының есебінен көктемгі далалық жұмыстарды қосымша қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ұсынысты үш күнде енгізуді тапсырамын", -деді ол еліміздің ауылшаруашылығы министпріне қаратып айтқан сөзінде.
Премьердің пікірінше, "жартылай резерв қаржысынан, жартылай "Қазына" қорына бөлінген қосымша қаржыдан ақша бөлуге мүмкіндік бар".