"Стратегия қабылданғаннан кейін туындаған бірқатар мәселелер бар. Атап айтқанда, екі ел президентінің арасындағы кездесу кезінде сөз болған Ақтау мен Түрікмения арасындағы дәліздің салынуын қарастыру қажет",- деді Кәрім Мәсімов, Көлік және коммуникация министрлігінің өкілдеріне қарап сөйлеген сөзінде. "Онда көлік жолдары да, темір жолдары да салынбақ. Оларды қарастыру қажет",- деп қосты ол.
Сонымен қатар, ол "кеше елбасы Санкт-Петербургте сөйлеген сөзінде Каспий мен Қара теңіз арасында арна салу туралы мәселені қозғады", деп атап өтті. "Бұл мәселе де сіздерге тиісілі. Егер бұл іске асса, ол барлық жүк тасымалын түп-тамырымен өзгертеді",- деп атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті