Үкімет басшысы Маңғыстау облысында битум зауытын салу жөніндегі келіссөздерді 30 қазанға дейін аяқтауды тапсырды

"Мен ҚР ЭМРМ, Көлік және коммуникациялар министрлігіне, "ҚазМұнайГазға", "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорына міндеттедім. Сіздер бұл жұмысқа кірісіп, облыс аумағында битум зауытын салу жөніндегі инвесторлармен арадағы келіссөздерді 30 қазанға дейін аяқтауларыңыз қажет", -деді Кәрім Мәсімов.