"Акциялардың 51%-дан кем емес бөлігін қысқа мерзімде мемлекеттік меншікке сатып алуды аяқтау қажеттігін тағы бір еске саламын" - деді үкімет басшысы.
Ол мемлекеттік қоржынға Павлодар мұнай өңдеу зауытының акциялары міндетті түрде қамтылуға тиіс екенін атап өтті. "Сонымен қатар Павлодар мұнай өңдеу зауытының жанармай мен авиакеросин өндіру көлемін ұлғайту мәселесін де қарастыру қажет" - деп тапсырды Кәрім Мәсімов.
"Қаржы жұмсап, жанармай мен авиаотынмен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет", - деді ол.
"Бұл мәселе негізсіз ұзаққа созылып кетті. Оның атқарылуы туралы бір аптаның ішінде маған хабарлауды тапсырамын", - деді үкімет басшысы.