Үкімет басшысы министрліктер мен мекемелерге Қазақстанның ДСҰ-на кіруі үдерісінде барлық келісімдер позициясын әзірлеу туралы тапсырма берді

Кеңесте негізгі баяндаманы индустрия және сауда министрінің орынбасары Жанар Айтжанова жасады.

Атап айтқанда, Қазақстанның сыртқы сауда заңнамасын және құқықтық қабылдаулар іс-тәжірибесін ДСҰ-ның нормаларына келтіруге байланысты жүйелі сипаттағы мәселелер қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр барлық салалық министрліктер мен ведомстволарға Қазақстанның ДСҰ-на кіруі үдерісінде барлық келісімдер позициясын әзірлеу туралы тапсырма берді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті