"Қазақстан үкіметі Қазақстан экономикасына қарқынды инвестиция салушылардың тобына жататын Нидерланды Корольдігімен арадағы экономикалық қарым-қатынастардың дамуын оң бағалайды",- деді Д.Ахметов кездесу барысында.
Үкімет басшысы экономикалық ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттары ретінде ядролық және биотехнологияларды, сондай-ақ, ел экономикасын әртараптандыруға қажетті басқа да салаларды атады.
Қазақстан экономикасының жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өткен Питер ван Леувен құрылыс, көлік, қоршаған ортаны қорғау және ауылшаруашылығы салалары бойынша да өзара қарым-қатынасты тереңдету мүмкіндігі бар екенін атап көрсетті.
Кездесу соңында үкімет басшысы елшіні Қазақстан дипломатиялық миссиясының табысты аяқталуымен құттықтап, оған сәттілік тіледі.
Питер ван Леувен Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін 2002-жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.
2005-жылы Нидерланды мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1018,34 млн. долларды, соның ішінде экспорт - $877,84 млн., импорт - $140,5 млн. құрады. Бұл 2004-жылғы көрсеткіштен 1,5 есе артық.