Үкімет басшысы денсаулық сақтау саласындағы төтенше оқиға облыс басшылығын өзгертуге себеп болғанын атап өтті. "Осында болған кездерімде мен экономика саласындағы оң өзгерістерді өз көзіммен көрдім. Алайда, денсаулық сақтау саласында болған оқиға аса жағымсыз жайт болды",- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметов облыстың қарқынды дамуына Болат Жылқышиевтің де қосқан үлесі мол деді. Бұрынғы әкім қысқа мерзімді демалыстан кейін жаңа қызметке тағайындалады.
Ө.Шүкеев Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының тумасы. 1990-жылдың ортасында ол Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі аумақтық комитетін басқарған, облыс әкімінің экономика жөніндегі орынбасары да болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті