Үкімет басшысы өзі басқаратын кабинетке Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы келісімге биыл қол қойылуы керектігін ескертті

Кеңес барысында Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы даулы мәселелерді шешудің түрлі мүмкіндіктері қаралып, тараптардың келіссөздері барысында өзара тиімді мәмілеге келу жолдары сарапталды.

Д.Ахметов мүдделі министрліктер мен мекемелерге ресейлік әріптестермен диалогты алдағы уақытта конструктивті жағдайда жалғастыра отырып, өзара түсіністік және достық ауанында, нақты заңдық база мен біртұтас топографиялық материалдарға қатаң бағыну арқылы Қазақстанның мүддесін дәйекті қорғауды тапсырды.
Сондай-ақ, үкімет басшысы екі ел өкілдері өзара келіссөздер барысында Қазақстан және Ресей президенттерінің екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы келісімге биыл қол қойылуы қажет екені атап көрсетілген 2004-жылғы 9-қаңтардағы бірлескен мәлімдемесін басшылыққа алуы тиіс екеніне мамандар назарын аударды.