"Қаржы министріне келесі жылдан бастап халықтың кірісін жаппай декларацияда көрсету тәртібін енгізу мәселесін ойластырып, үкіметтің қарауына енгізуді тапсырамын",- деді ол.
К.Мәсімовтың айтуынша, үкімет "қаржы министрлігі мен салық қызметі осы жұмысқа дайын ба, жоқ па" дегенді білуге тиіс. "Жалпы идеология - кірісті жаппай декларациялауға көшу қажеттігіне саяды. Бұл жерде мәселе оны қашаннан бастау керек деген сауалда тұр",- деді К.Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті