Үкімет басшысы Қазақстандағы бизнес қызметін дамытуға ықпал ететін нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес климатын жақсарту жөніндегі комиссияның бірінші отырысын өткізді.

Премьер-министр төрағалық ететін комиссия үкімет жанынан құрылды және ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Комиссияның мақсаты - кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді төмендету жөнінде іс-шараларды әзірлеу және ұстанымды шоғырландыру.

Комиссияның алғашқы отырысының жұмысына үкімет мүшелері, бизнес қоғамдастығының және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар Қазақстандағы бизнес ортаны жақсарту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды талқылады. Атап айтқанда, кәсіпкерлік бірлестіктердің өкілдері тіркеу, салық салу, лизензия алу және рұқсат беру, бақылаушы органдардың шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізу, т.б. маңызды проблемалар ауқымын айқындап алды.

Талқылаудың нәтижесінде комиссия мүшелері әкімшілік кедергілерді қысқарту жөнінде шешімдер пакетін әзірлеу және толыққанды талдау жасау туралы шешім қабылдады.