Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев 1949 жылы туған. Қазақ политехникалық институтын "инженер-экономист" мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымының кандидаты. Мемлекеттік органдарда Қарағанды облысының әкімі, ҚР Қаржы министрі тәрізді басшылық лаузымдарға тағайындалған. 1999 жылғы қазаннан - ҚР Қаржы министрі, 2002 жылдан - ҚР Экономика және сауда министрі, 2003 жылы - ҚР президентінің көмекшісі болды. 2004 жылдан осы лауызымға тағайындалғанға дейін Ақмола облысының әкімі қызметін атқарып келді.