Үкімет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасын қабылдады

Кездесу барысында Бюджет және Салық кодекстерінің жобасы, сондай-ақ нәтижеге бағдарланған бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қалыптастырудың қағидаттары мен тетіктері талқыланды.

Мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану және бюджеттік қатынастарды реттеудің кейбір маңызды мәселелері жөнінде пікірлер алмасылды.