Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Серік Бүркітбаев басқа жұмысқа ауысқан Азамат Әбдімомыновтың орнына келді".
Серік Мінәуарұлы Бүркітбаев 1957 жылы 7 қыркүйекте туған. 1980 жылы Мәскеу инженерлік-физикалық институтын инженер-физик мамандығы бойынша бітірген. Физика-математика ғылымдарының докторы.
1984-1993 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының жүйесінде жұмыс істеген. 1993-1998 жылдары Лазерлік технология жөніндегі Алматы инженерлік орталығын, Қазақ радиотехникалық зауытын басқарған, сондай-ақ "Қазинформтелеком" АҚ, "Қазақстандық телекоммуникация" (КАТЕЛКО) ЖТАҚ, "Қазақтелеком" АҚ президенті.
1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарды. Ал 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі, соңғы жылдары Қазақ мұнай және гах институтының директоры болып еңбек еткен.
2007 жылдың 10 қаңтарынан "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы болып тағайындалғанға дейін - Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болды.