Комиссия жетекшісі болып ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник тағайындалды. Комиссия құрамына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, ІІМ, Қарағанды облыстық әкімшілігі, кәсіподақ ұйымдары мен салалық ғылыми мекемелердің өкілдері қамтылды.
Апат орнына аттанған комиссия мүшелеріне үкімет басшысы шұғыл жұмысқа кірісіп, апат себептерін жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету, шығын көлемін анықтау, зардап шеккендерге бірінші кезекті көмек беруге шаралар қолдану туралы тапсырма берді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-желтоқсанда 3 сағат 15 минутта Қарағанды облысындағы "Шахтинская" шахтасында метан жарылысы салдарынан 23 адам мерт болды.