Үкімет басшысы шетел инвесторлары кеңесінің өкілдерімен Қазақстанның электр энергетикалық секторын дамыту мәселелерін талқылады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шетел инвесторлары кеңесінің өкілдері сектордың ағымдағы проблемасына көзқарасты айқындайтын, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралардың, тарифтік саясат пен тарифті қалыптастыру әдістемесін жетілдірудің, сондай-ақ электр энергиясын өндірушілер үшін тарифтік саясат жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдардың таныстырылымын жасады.

Кездесу барысында сондай-ақ энергия өндірушілер үшін тарифтік саясат жөніндегі үкіметтің ұстанымы талқыланды.

"Кездесудің нәтижесінде премьер-министр ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі С. Мыңбаевқа шетел инвесторлары кеңесінің өкілдерімен келіссөздерді жалғастыруға тапсырма берді",- делінген хабарламада.

Өз кезегінде шет ел тарабының өкілдері келіссөздер үдерісіне қатысуға және тығыз ынтымақтастыққа әзір екендіктерін білдірді.