Үкімет басшысы "Шеврон" корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, премьер-министрге үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан қызметіне кіріскен "Шеврон" корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің жаңа атқарушы директоры Джей Джонсон таныстырылды.

"Қазақстан мен корпорация арасында тығыз әріптестік орнатылған және біз бірлескен жұмысымыздың нәтижелеріне разымыз",- деді Г. Холлингсуорт.

Кәрім Мәсімов "Шевронның" Қазақстандағы жұмысын оң бағалап, компанияның ірі қазақстандық кен орындарын - Теңіз бен Қарашығанақты игеру жөнінде іске асырылып жатқан жобаларын талқылады.