Үкімет жетекшісі мәртебелі қонақпен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық барысын талқылады. Тараптар екі ел басшыларының бұған дейінгі келісімдерін Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы сауда-экономикалық, нақтырақ айтқанда, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру барысын талқылады. Екі ел үкіметі мен бизнес қоғамдастығының тығыз ынтымақтастығы арқасында көлік және коммуникация, құрылыс, энергетика және мұнай-химия салаларында бірнеше жобалар жүзеге асырылмақ. Кәрім Мәсімов бірқатар маңызды жобаларды іске асыруға қолдау көрсеткен Әмірліктің басшылығына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірлігі іскерлерінің Қазақстан экономикасына инвестиция салуына қолдау көрсетуге әзір екенін айтты. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық экономиканың одан әрі дамуына ықпал ететіндігі туралы пікірлерін білдірді.