Үкімет басшысы Сырдариядағы су тасқыны ахуалымен танысады

"Үкімет басшысы тікұшақпен Сырдарияның жағалауын бақылап шығып, су тасқыны болған жерлерді аралайды", деп хабарлайды әкімшілік. Сонымен бірге К.Мәсімов су тасқынынан зардап шеккендермен жолығып, су ішінде қалған саяжай массивтерін аралайды.

Үкімет басшысы өңірдегі су шаруашылығы ахуалымен, Қызылордадағы ауыз су қамтамасыздығы проблемаларымен танысады деп күтілуде.

Сапар бағдарламасына сәйкес, К.Мәсімов газқұбырлы электр станциясында болып, облыстағы электр қамтамасыздығы жүйесімен және облыс орталығын газдандыру жағдайымен танысады.

Бұдан кейін үкімет басшысы қалалық №1 ауруханаға келіп, онда өңірдегі денсаулық сақтау саласының проблемаларымен танысады.

Ал облыс атқамінерлерімен кездесуде үкімет басшысы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша тапсырмалар береді деп күтілуде.

Бұдан кейін К.Мәсімов Шымкентке аттанып, республиканың оңтүстік өңірлеріне жұмыс сапарын одан әрі жалғастырады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті