"Әрбір пәтер иесі үй маңындағы аумақтан меншік үлесін алуға тиіс",- деді Кәрім Мәсімов . "Осы аумақтарды меншіктеру құқығын заңдастырудағы белгісіздік аталған жерлерді жеке меншік құрылымдардың пайдасына бөліп таратуда билікті бас пайдасына жарату мүмкіндігін тудыруда. Мұндай жайтқа жол бермеу керек", - деп мәлімдеді ол.
"Пәтерді сатқан немесе сатып алған кезде үйді ортақ меншіктену үлесіне қатысты құқықты ауыстыру мүмкіндігі жүзеге аспайтын қазіргі қырсыздықты жойып, тәртіп орнатуды тапсырамын", деді үкімет басшысы.
Бұл процесс "бір уақытта жүзеге асырылуға тиіс". Осыған байланысты премьер Әділет министрлігі мен Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне "қайта тіркеу шарасын халық аз шығынға ұшырайтындай жағдайда жүзеге асырудың жеңілдетілген тетіктерін қолданысқа енгізу мәселелерін дәйектеуді тапсырды.
Осыған байланысты ол жер ресурстарын басқару агенттігіне Әділет министрлігімен бірлесе отырып бұл мәселені дәйектеп, тиісті ұсыныс енгізуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті