Үкімет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің даму жоспарымен танысты

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде өткен кеңес барысында еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және оның азаматтарының мүддесін қорғаудың, атап айтқанда - терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел-іздестіру қызметін, экономикалық қауіпсіздікті, жемқорлықпен күресті, есірткі бизнесі мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етудің негізгі қырлары таныстырылды.