Үкімет басшысы ҰҚКҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысу үшін Сочиге келді

Үкімет басшысы Серік Ахметов бүгін мемлекет басшысының тапсырмасымен ҰҚКҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына қатысу үшін Жұмыс сапармен Сочиге келді.


           Саммит барысында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан, Армения делегация басшыларының саммиті барысында ҰҚКҰ әрі қарай дамыту мәселелерін талқылайды.
           Сессияда ҰҚКҰ елдерінің әскери ынтымақтастығын нығайту және ұжымдық күштерді басқару жөніндегі құжаттар пакетіне қол қойылмақ.
           Саммит қорытындысы бойынша қысқаша тұжырымдама қабылданады.