"Бүгін үкіметтің жүз күндігі жалпы қалалық сенбілік күніне сәйкес келді, бұл есте қалатын жағдай",- деді премьер. Мұндай шаралардың маңыздылығын атап өткен үкімет басшысы былай деді: "Біз бүгін өз еңбегімізді жұмсай отырып, үкіметтің жүз күн бойы болған процесінен шығуға мүмкіндік алып отырмыз".
Жалпы қалалық сенбілік 9-сәуірден 9-мамырға дейін жалғасатын экологиялық айлық аясында ұйымдастырылған. Қала әкімінің орынбасары Ерік Сұлтановтың журналистерге хабарлағанындай, сенбілікке 60-тан астам адам қатысқан, олардың арасында министрліктер басшылары, парламент депутаттары және қалалық ведомствалардың қызметкерлері бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті