Сапар бағдарламасына сәйкес, үкімет басшысы сапар аясында Қырғызстанмен шекарадағы "Қордай" кедендік бекетіне аялдауды жоспарлауда. Одан кейін К.Мәсімов тікұшақпен Шу ауданына ат басын тіреп, "Солтүстік-Оңтүстік" электр желісінің сонда салынып жатқан Шу-500 кіші станциясымен танысады.
Үкімет басшысы сапар аясында бүгін түстен кейін Қырғызстанмен шекарадағы Сапар барысында премьер таразға ат басын тіреп, онда аймақтың химия өнеркәсібі нысандарын, атап айтқанда, "Қазфосфат" минералды тыңайтқыштар зауытын аралайды, Жамбыл облысындағы минералдық тыңайтқыштар өндірісін дамыту перспективаларының таныстырылымына қатысады.
"Химпром-2030" ЖШС-інде аймақтың металлургиялық саласын дамыту жобасы мен ферросиликомарганец өндірісінің жобасы таныстырылады.
Одан кейін "Атамекен" Одағы" Ұлттық экономикалық палатасының жамбылдық филиалында филиал мүшелерімен кездесу өтеді.
Кешке қарай К.Мәсімов Т.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-іне аялдайды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті