Үкімет басшысы Жамбыл облысының жаңа әкімін таныстырды

Б.Жексенбин 1952-жылы Жамбыл облысында туған. Алматы зоо-малдәрігерлік институтын бітірген зоотехник-ғалым. Еңбек жолын кеңшар зоотехнигі қызметінен бастап кеңшар директорына дейін көтерілді. 1992-1996-жылдар аралығында Жезқазған облысы әкімінің орынбасары және әкімшілік төрағасының орынбасары болды. 1996-жылы Жезқазған облысы әкімінің орынбасары әрі ауылшаруашылығы және астық ресурстары департаментінің директоры болып тағайындалды. 1996-1999-жылдар аралығында ҚР президенті әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 1999-жылдың мамыр айынан бері Жамбыл облысы әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселесін жауаптанған орынбасары болды.

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, бұған дейін Жамбыл облысын басқарған Серік Үмбетов ҚР ауылшауашылығы министрі болып тағайындалды.