Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған ақпарат министрін таныстырды

А.Сәрсенбаев 1962-жылдың 12-қыркүйегінде туған. С.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты. Түрлі уақыттарда ҚР үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияны, ҚР баспа және бұқаралық ақпарат министрлігін, мәдениет , ақпарат және қоғамдық келісім министрлігін, ҚР қауіпсіздік кеңесін басқарды. 2002-жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі және Армения мен Финляндиядағы елші қызметтерін қоса атқарушы болып тағайындалды.

2003-жылдың қараша айының басында Елбасының жарлығымен А.Сәрсенбаев елшілік қызметтен босатылды. Осыдан кейін "Ақжол" партиясының кезекті құрылтайында А.Сәрсенбаев партияның тең төрағасы болып сайланды.