Үкімет басшысы Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

"Біз екі жақты қарым-қатынас мәселесіне байланысты пікір алмастық",- деп хабарлады кездесуден кейін Жапониялық елші. Оның айтуынша, Жапондық инвесторлар Каспий қайраңын игеру бағытындағы жобаларға атсалысуға әзір. Атап айтсақ, осы елдің "Импэкс" компаниясы Қарашығанақ кенішіндегі консорциумның 8,3% үлесін иемденеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1993-2001-жылдар аралығында Жапония Қазақстан экономикасына 336 млн. доллардың тікелей инвестициясын құйды. Қазір бұл ел Қазақстан экономикасына қосқан инвестиция көлеміне қарай 9-орын иемденеді.
Жапония үкіметі тарапынан ODA (дамуға ресми көмек) бағдарламасы бойынша Қазақстанға берілген көмек 800 млн. долларды құрайды. Ал 1993-жылдан бері Жапония үкіметінің Қазақстанға берген несиесінің көлемі 88,7 млрд. йенге жетті.