Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Арқалыққа келді

Сапар барысында үкімет басшысы қаладағы маңызды әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралайды. Үкімет басшысы былтыр пайдалануға берілген және қазір салынып жатқан муниципалдық тұрғын үй нысандарына аралайды деп күтілуде. Қаңтар айында пайдалануға берілген 40 пәтерлі үйде бюджетті ұйымдардың қызметкерлері, еңбек және соғыс ардагерлері тұрады. Ал 48 пәтерлі тағы бір осындай үй 1-қазанда тұрғындарын қабылдайды. Қазір құрылысшылар коммуникациялық желілерді тарта бастады.

Үкімет басшысы сонымен бірге Торғай өңіріндегі жалғыз жоғары оқу орнына саналатын Мемлекетттік педагогикалық институт пен қалалық ауруханада, 120 орынға есептелген "Ақбота" балалар бақшасында, "Жасұлан" деп аталатын балалар мен жасөспірімдер орталығында болады.
Қаладағы ең маңызды тіршілік қамтамасыздығы нысаны болып табылатын жылу энергетика кешенінде болу да үкімет басшысының жоспарында. Д.Ахметов қаладағы жамағат өкілдерімен кездесіп, түстен кейін Арқалық қаласының проблемаларын талқылауа арналған кеңес өткізбекші.
Қостанай облыстық атқамінерлер үкімет басшысының тапсырмасы бойынша қаланы 2010-жылға дейін индустриялық-инновациялық дамытуға бағытталған старатегиялық жоспарды әзірледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осындағы боксит қорының түгесілуіне байланысты Арқалықта өнім мөлшерінің төмендеуі экономикалық қиындықтардың туындауына алып келді. 1997-жылы облыс орталығы деген мәртебеден айрылғаннан кейін қалада миграциялық құбылыстар белең алды. Бұл қаладағы тіршілік қамтамасыздығы проблемаларына түрткі болды. Қаланың ауыз су көздерінен шалғайлығы да қиындықтарды қалыңдата түсуде.