Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді

Қазір Д.Ахметов Мақтаарал ауданында жүр. Онда үкімет басшысы Атакент ауылындағы мемлекеттік мақта өңдеу зауыты құрылысының жобасымен танысты.

Бұдан кейін үкімет басшысы республикалық "Мақтаарал тәжірибелік мақта өсіру станциясы" мемлекеттік кәсіпорны мен "Нимекс" корпорациясының мақта өңдеу зауытында болмақшы.
Жетісайда ол облыстың мақта өңдеу кәсіпорындарының қызметкерлерімен және мақташылармен кездеседі. Оған 500-дей адам қатысады деп күтілуде.
Түстен кейін үкімет басшысы Шымкентке келіп, арнаулы экономикалық аймақ пен транспорттық-логистикалық орталық құру барысымен танысады.