Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барады

Үкімет басшысы облыстағы сапарын "Қазфосфат" ЖШС-нің филиалы болып табылатын минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыттан бастайды. Бұдан кейін ол Тараздағы жаңа тұрғын үй массивін аралайды. Бұл жерде мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы аясында коммуналдық екі, ипотекалық несиеге берілетін үш үй салынған. Осы жерде сондай-ақ мектеп, балабақша, Қазақстанның бірінші президентінің атындағы саябақ салу межеленген.
Кешкісін үкімет басшысы "КСМ Құрылыс" ЖШС-нің кірпіш зауытында болады. Бұл зауыт президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мамыр айындаы осы өңірге сапары кезінде ашылған болатын.
16-қыркүйек, жұмада үкімет басшысы өткен қыста қардан зардап шеккен Жуалы ауданындағы үш нысанда болады. Д.Ахметов бұл жерде қайтадан салынған Орджоникидзе атындағы орта мектепте, Б.Момышұлы атымен аталған ауылдағы аудандық ауруханада, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында болады.
Ал түстен кейін үкімет басшысы Тараздағы "LL" жиҺаз фабрикасына бас сұғады. Д.Ахметовтың облысқа сапары осы нысанды аралаумен аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті